Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің арнайы жасақтарының қатысуымен өткен Ақтау қаласы 25 шағын аудандағы үйлерді тінту кезінде синтетикалық есірткіге ұқсас синтетикалық есірткі («мефедрон») бар 30 целлофан байламы табылып, тәркіленді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД-не сілтеме жасап.
Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 30 граммды құрайды.
Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) тіркелді.
Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.
Есірткі, психотроптық заттарға, олардың аналогтары мен прекурсорларына сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.