Бейбіт Жукаев Шарлотсвилл (АҚШ) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz теннис федерациясына сілтеме жасап.
Ақтау теннис мектебінің түлегі АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалында дүниежүзілік рейтингте 254-орында тұрған америкалық Патрик Кипсонмен шеберлік байқасқан еді.
Б.Жукаев матч басталысымен-ақ бірден брейк жасап, 2:0 есебімен алға шықты. Сол басымдықты уысынан шығармай, сет соңында 6:4 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші сетте Бейбіт тай-брейкте басымдық танытты.
Енді жерлесіміз финалда әдемнің 376-ракеткасы Айдан Mayo пен 458-сатыдағы Итан Куин арасында кездесудің жеңімпазымен сынға түседі.