Бұдан бұрын mangystaumedia.kz Ербол Ізбергеновке 172 500 теңге айыппұл салынғанын хабарлады. Қалалық әкімдік кәсіпкерге учаскенің нысаналы мақсатын өзгертуден неге бас тартқанын түсіндірді.
Учаске облыс орталығының 9 шағын ауданында орналасқан. Бірнеше жыл бұрын жақын маңдағы үйлердің тұрғындары тұрғын үй салуға қарсы болған.
«Әкімдік тұрғын үй кешенінің нүктелік құрылысы жағдайында инженерлік желілерге жүктеме артатынын ескертті. Бұдан басқа, тұрғын үй кешені тұрғызылған жағдайда инфрақұрылым жағынан (тұрақ орындары, балалар алаңдары) және ауданішілік жолдардағы автомобиль кептелісі болып, проблемалар туындайды. Сонымен қатар, әкімдік 9 шағын аудан тұрғындарының тұрғын үй кешенін салуға қарсы пікірін назарға алды», - деп түсіндірді қалалық әкімдікте.