Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында №13 гимназияда «Абай әлеміне саяхат» клубының кабинеті ашылды. Шараға облыстық білім басқармасы мен қалалық білім бөлімінің мамандары, ардагер ұстаздар Ордалы Қосай, Ахметова Алевтина, Себепбай Бақтылы және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі ардагер журалист Әнуар Жәнібек, ақын Темір Мыңжас қатысты.
Қонақтар Абай шығармашылығына арналған көрмемен танысып, рухани әлем танымдық залын тамашалады. «Абай әлеміне саяхат» клубында 1–11 сынып аралығындағы 300-дей оқушы бар.
Кеш соңында қонақтар клуб мүшелерінің «Абай әлемі » атты әдеби сазды қойылымын тамашалады.