Бұл туралы Жаңаөзен қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Күн тәртібі бойынша алдымен 2019 жылы әр сала бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Қала басшысы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары аясында жоспарланған жобаларға тоқталды.
Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан әлеуметтік маңызы бар бірқатар мәселелер қозғалды. "Бейбітшілік" тұрғын-үй кешенінің құрылысы, Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына жоспарланған шаралар легі, жұмыспен қамту, қала көшелеріндегі бағдаршамдар сапасы, тазалық, жаяу жүргіншілері жолын салу тақырыптары қаралды. Аталған мәселелер жөнінде ұсыныстар түсіп, қаланы қарқынды дамыту жолында атқарылар жұмыстар талқыға түсті.