1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Маңғыстау облысында 70 жастан асқан зейнеткерлерге 2 АЕК (6900 теңге) көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем төленеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Биылғы жылдың қазан айында облыс бойынша 70 жастан асқан 19 мыңнан астам зейнеткерге 131,1 миллион теңгеден астам жәрдемақы төлеу жоспарланған.