mangystaumedia.kz редакциясы 2022 жылы өңірде болған ең шулы, ел арасында резонанс тудырған сот простерін назарыңызға ұсынады.
Тротуардағы жүргіншіні қаққан жүргізуші соты
2021 жылдың 2 желтоқсанында түнгі уақытта Е есімді азамат көлдік құралын басқарып келе жатып, жол жүру ережесін өрескел бұзып, тротуардағы жүргіншіні қағып кеткен еді. Алған жарақаттарының салдарынан жүргінші (журналист Екатерина Панасян) Маңғыстау облыстық ауруханасында есін жимастан қайтыс болды. 2022 жылы сот жүргізушіні кінәлі деп танып, 5 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Мас күйде көлік басқарып, екі адамды қаққан жүргізуші соты
2022 жылдың 20 желтоқсанында Toyota Land Cruiser көлігін мас күйде тізгіндеген жүргізуші жаяу жүргіншілер жолында 28 жастағы әйел мен оның 5 жастағы қызын қағып кеткен еді. Артынша екеуі де қайтыс болды. 2022 жылдың 20 қаңтарында сот жүргізушіні 5 жылға бас бостандығынан және өмір бойына көлік тізгіндеу құқығынан айырды.
Сот шешім шығарар кезде жүргізуші әйелдің кәмелетке толмаған баласының барын және кінәні толық мойындауын назарға алды. Әйел ҚР ҚК 345-1-бабының 4-бөлігі бойынша яғни, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған мас күйінде ЖҚЕ бұзу бойынша сотталды.
Антикордың жалған қызметкерінің соты
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының көмекшісі атын жамылған Нұрбол Кәрімов Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан коммерциялық объектілерді орналастыру үшін оның атына Каспий теңізінің жағалауындағы жер учаскесін ресімдеуді талап еткені үшін кінәлі деп танылды. Ол 7 жыл алты айға сотталып, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Абайсызда екі адамды улап өлтірген тұрғынның соты
2021 жылы Ақтаудың 2 шағын ауданындағы пәтерлердің бірінде тұрғын танысының үйін зиянкес жәндіктерден залалсыздандырып, артынша көрші үйдегі екі адам қайтыс болды. Ер адам дезинфекциялау қызметін ұсынып, еліміздің аумағында қолдануға тыйым салынған бірінші санаттағы «Квикфос» өнімін қолданған. Нәтижесінде түссіз улы газ ауаға тарап, көрші пәтерде тұратын 10 айлық нәресте мен оның 29 жастағы анасы уланып қайтыс болды.1 жылдан астам іздеуде болған азаматты Ақтау қалалық соты оны 5 жылға бас бостандығынан айырды. Ал пәтер иесі 6 жылға сотталды.
Мысықты қорлаған адамның соты
Ақтау шағын аудандарының бірінде үй ауласында мысықтың басына секірген адамның әрекеті ел арасында резонанс тудырды. Бұдан кейін мысық біраз уақыттан соң өлген еді. Бастапқыда сотталушыға қатысты жануарға қатыгездік жасау фактісі бойынша оның мертігуіне әкеп соққан қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасалды. Сот үкімімен Д-ға 60 сағаттық қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды. Әлеуметтік желіде заңгерлер бұл мазаның тым жеңіл екенін айтып шағым білдірді. Содан кейін, прокурор сот үкіміне апелляциялық өтініш беріп, сотталушыға қатысты сот үкімінің күшін жоюды және қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін прокурорға қайтаруды сұрады. Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен Д-ға қатысты бірінші сатыдағы соттың үкімі жойылып, іс сотқа дейінгі тергеп - тексеру жүргізу туралы мәселені шешу үшін прокурорға қайтарылды.
Жанармай құю бекетіне шабуыл жасағандар соты
7 тамызда сағат 05.30 шамасында екі ер адам Бейнеудегі «Жібек жолы» көшесіндегі «Ақ Жұма» газ құю бекетіндегі ғимаратқа заңсыз кірген. Олар ұйықтап жатқан оператор-қызметкерге күш қолданып, одан 80 800 теңгесі бар сөмкені ұрлап, қашып кетті. Сот шабуыл жасағандарды қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсысына бес жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады.
Лото клубты өртеген азаматтың соты
Алаяқ ойыншы маңғыстаулықтардан 30 миллион теңгені алдап алған
2022 жылдың 3 ақпанында «LOTO CLUB» ғимаратына бензин құйып, оны өртеп жіберді. Нәтижесінде зардап шегуші ғимарат иесіне 9 798 525 теңге және клуб иесіне 17 320 714 теңге көлемінде залал келтірді. Осы әрекеті үшін ол ҚК 202-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды және істің жеңілдететін мән-жайларын ескере отырып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Ақтау қалалық соты Бейнеуде Лото клубты өртеген тұрғынды алаяқтық жолмен ақша алған деп айыптады. Ол БҚО тұрғынына 2021 жылдың 7-8 қыркүйегінде 5 бас жылқысын 430 000 теңгеге ұсынған. Содан соң қаражатты Каспи қосымшасы арқылы алып, сатуға ұсынған жылқыларын бермеген. Онымен тоқтамай, 15 қаңтарында тағы бір жәбірленуші Атырау облысының тұрғынына автотіркеу ұсынып, уәдесін орындамай, 350 000 теңге көлемінде шығын келтірген. Одан бөлек Бейнеу ауылының тұрғынына өзінде жоқ 20 бас жылқыны сатам деп, жәбірленушіден 2 200 000 теңгесін алған. Сот барысында тараптар өзара татуласып, келтірілген шығын өтелгендіктен жәбірленушілер соттан бұл іс бойынша жаза тағайындамауды сұраған.