12 қазан күні Ақтау қаласының тұрғындары әлеуметтік желілер мен Маңғыстау облысы әкімдігінің telegram чатында «HalykBank» және «Kaspi.kz» қосымшаларында электр энергиясы үшін ағымдағы көрсеткіштерді енгізу бағанының жоқ болып кеткендігін айтып, наразылықтарын білдірген болатын, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аталған мәселені шешу мақсатында «Маңғыстау жарық» ЖШС банктермен бірлесіп көрсеткіштер бағанын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы «Маңғыстау жарық» ЖШС директоры Ермек Давлетпаков хабарлады.
Компания директоры Ермек Давлетпаковтың айтуынша, қала тұрғындарының өтініші бойынша жақын арада банк қосымшаларында бұрынғыдай электр энергиясы үшін ағымдағы көрсеткіштерді енгізу бағаны қайта пайда болады.
-Қазір біздің мамандар банктермен бірлесіп техникалық жұмыстар жүргізуде. Бір апта ішінде электр энергиясы үшін ағымдағы көрсеткіштерді енгізу бағаны қалпына келтіріледі, - деді Ермек Давлетпаков.
«Маңғыстау жарық» ЖШС басшысы Ермек Давлетпаков келтірілген қолайсыздықтар үшін өңірдің барлық тұрғындарынан кешірім сұрады.
-Кері байланыс үшін қала тұрғындарына алғысымызды білдіреміз. Біз тұрғындардың бірде-бір шағымын назардан тыс қалдырмаймыз. Біз орнымен айтылған сынды қабылдаймыз және қала тұрғындарының талаптары мен тілектеріне уақтылы жауап береміз. Біз тұтынушылармен жұмысымызды жақсарту үшін бәрін жасаймыз және бұдан былай мұндай қолайсыздықтарға жол бермеуге тырысамыз, - деді Ермек Давлетпаков.
Сондай-ақ, компания басшысы тұтынылған электр энергиясы үшін төлемді ескі және жаңа жеке шот бойынша жасауға болатындығын атап өтті. Ақтау тұрғындары бұл сұрақ бойынша алаңдамауына болады. Себебі, төленген ақша тұтынушының жеке шотына автоматты түрде аударылады.
-Тұтынушылар дерекқоры жұмысының тиімділігін арттыру және оны күнделікті толықтыру, сондай-ақ электр энергиясын тұтынудың бірыңғай есебін қамтамасыз ету мақсатында Ақтау қаласының абоненттеріне дербес шоттардың жаңа нөмірлері берілді, - деді Ермек Давлетпаков.
«АЭЖБ» МКК(ГКП «АУЭС») энергия беруші компаниясы бұған дейін хабарлағандай, қала тұрғындары ағымдағы көрсеткіштерді аталған ұйымға тікелей WhatsaApp мессенджері арқылы мына нөмірлерге 8 775 784 74 67 8 705 131 25