Жаңаөзен қалалық білім беру бөлімінің №21 орта мектептің жағдайы апатты емес деп мәлімдегеніне қарамастан, оқушылардың ата-аналары мәселені көзбен көруге бекінді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Азамат Сәрсенбаев әлеуметтік желіде жариялаған бейнежазбада байқалған жайтқа алаңдаған ата-аналар мектеп жертөлесінің қабырғаларындағы жарықшақтарды, сонымен бірге баспалдақтардың да сыр бере бастағанына куә болды.