Бүгін, 19 қыркүйекте «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпочта» АҚ, Қазақстандық AIX және KASE қор биржаларының және брокерлік-дилерлік ұйымдардың өкілдері Ақтау қаласының тұрғындарымен кездеседі. Елдің барлық өңірінде халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кездесуде тұрғындарды жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компаниялардың IPO-ның орындалу барысы таныстырылады. IPO-ға бірінші үміткер – «ҚазМұнайГаз» АҚ туралы, бағалы қағаздар нарығына инвестиция салудың тетіктері мен тәуекелдері туралы негізгі ақпаратпен бөлісіп, қызығушылық танытқан сұрақтарға жауап береді.
Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесу 19 қыркүйек күні сағат 14.00-де 4 шағынаудан, 71-үй "Абай" атындағы мәдениет сарайының ғимаратында өтеді.