Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Маңғыстау өндірістік филиалының өкілдерімен бірлесіп, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Маңғыстау өндірістік филиалының нысандарына бару арқылы журналистер үшін баспасөз-турын өткізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тауарлық газды тұтынушыларға тасымалдау және өткізу қызметі бойынша табиғи монополия субъектісі болып табылады. Департамент кәсіпорын қызметін «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңына, ҚР Кәсіпкерлік кодексіне, сондай-ақ басқа да заңға тәуелді актілерге сәйкес реттейді.
2021 жылы инвестициялық бағдарлама бойынша газ құбырының 21,2067 шақырымы жаңғыртылды, «Мұнайлы ауданы Баянды-2 кентінің жер үсті орындалған жер асты коллекторын шығаруға ЖСҚ» нысаны бойынша 2 МАБ орнатылды. Бұдан басқа, "Жаңаөзен қаласы және Мұнайлы ауданы бойынша қолданыстағы газ реттеу пункттерін/газ реттеу станцияларын газ реттеу-блоктық пунктіне ауыстыру" ведомстводан тыс кешенді сараптамасымен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар орындалды.
Көрсетілген инвестициялық бағдарламаны 2021 жылы іске асыру газ тарату желілері мен ондағы құрылыстардың қызмет ету мерзімі мен өткізу қабілетін ұлғайтуға, берілген режимдерде газ қысымын ұстап тұруға мүмкіндік берді.
2022 жылға жоспарланған іс-шаралар қатарында Жаңаөзен қаласы бойынша қолданыстағы газ реттеу пункттерін/газ реттеу станцияларын газ реттеу-блоктық пунктіне ауыстыру, қолданыстағы газ реттеу пункттерін Мұнайлы ауданы бойынша газ реттеу-блоктық пунктіне ауыстыру, кешенді ведомстводан тыс сараптамамен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бар.