Мұнайлы ауданы ПБ ППР аға қызмет инспекторы Жанболат Тәжібаев әдеттегідей өзіне белгіленген аумағында қызмет ету барысында түнгі мезгілде жол бойында отырған белгісіз ер адамды байқаған.
Мән-жайды анықтау үшін полиция капитаны бірден азаматтың жанына барып, қандай көмек қажет екенін сұрады. Белгілі болғандай, ер адам Беларусь елінен Ақтау қаласына қарай теңізге түсу үшін жаяу жол тартқан. Осылайша орта жолда қаражат мәселесі туындап, қиындыққа ұшыраған.
Полицейлер туриске жедел көмек көрсетіп, оны қонақ үйге орналастырған. Кейін тамақтандырып, теңіз жағалауына жеткізді.
Беларустік саяхатшы полиция қызметкерлеріне алғысын жеткізді.