Толқын-1 шағын ауданында 124 үй бар, оның ішінде 54 үй "Евро Сервис Джо" компаниясымен тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару бойынша шарт жасасудан бас тартуда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Толқын-2 шағын ауданында да ұқсас жағдай орын алып отыр. Онда 56 үйдің тұрғындары қоқысты орталық көше бойына қалдырып кетеді. Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары рейдтік іс-шара аясында тұрғын үйлерді аралап, жадынамалар таратты.
Ақтау әкімдігі келесі рейд полиция қызметкерлерімен бірге өтетінін және тәртіп бұзушыларға айыппұл салынатынын еске салады.