Облыс әкімдігінің телеграм каналына Ақтау қаласының тұрғыны баласының колледжге қабылданбай қалғанына шағымданды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық білім басқармасы мамандарының айтуынша, облыс бойынша колледждерге мемлекеттік тапсырыс жергілікті және республикалық бюджет есебінен қарастырылған. Мемлекеттік тапсырыс есебінен бөлінген колледждердің мамандықтары мен тізімі Маңғыстау облысының білім басқармасының ресми сайтында орналасқан.
-Оқуға түсуді колледж анықтамайды. Конкурс талапкердің білім туралы құжатына / аттестатына/ сәйкес міндетті және бейінді пәндердің орташа конкурстық балын автоматты түрде бөлу арқылы ақпараттық жүйе анықтайды. Сұрақтарыңыз бойынша облыстық білім басқармасының 57-12-39 байланыс телефонына хабарласыңыз,- дейді Маңғыстау облыстық білім басқармасының жауапты мамандары.