Ақтау қаласы, 4а ш / а “Тарас-Шевченко" мекенжайы бойынша шомылуға жабдықталмаған учаскеде алдын ала бағдарлау іс-шараларын өткізу кезінде құтқарушылар батып бара жатқан қызды көрді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ТЖД-ға сілтеме жасай отырып.
12 жасар қыз бала құтқарылды. Құтқару операциясына ТЖД ЖҚБ техникасының бір бірлігі және екі қызметкері қатысты.
"2010 жылы туған, Ақтау қаласында тұратын, суға шомылу кезінде өздігінен жағаға шыға алмаған қыз құтқарылды. Содан соң медицина қызметкерлеріне берілді", - деп хабарлады облыстық ТЖД.