Мұның себебі – теңіз суының температурасының жоғарылауы, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Теңіз суы температурасының 16°С-тан 25°С-қа дейін артуына байланысты дистиллят бойынша тұзсыздандыру қондырғыларының өнімділігі тәулігіне 70000 текше метрден тәулігіне 63000 текше метрге дейін төмендеді. Ауыз су резервуарларындағы деңгейді ұстап тұру үшін 22.08.2022 ж.сағат 00.00-ден бастап қаланың жоғарғы аймағына ыстық су беру тоқтатылады", - делінген МАЭК хабарламасында.
МАЭК мәліметінше, өшіру теңіз суының температурасы төмендегенше жалғасады.