Өңірде апатты жөндеу жұмыстарына байланысты электр энергиясы тапшы, деп хабарлайды mangystaumedia.kz KEGOC баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«16 тамыз күні сағат 05:56-да «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС жылу электр орталығында авариялық жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін No1 энергоблок өшірілді. Соның салдарынан Маңғыстау энергетикалық торабында электр қуатының тапшылығы туындады. Энергоблокты жөндеу кезінде «Маңғыстау өңірлік электр желілері компаниясы» АҚ (МЭК) электр желілерінде «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС электр станциясының тұтынушылары – өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр қуатын тұтынуы шектеледі, - делінген хабарламада.