Бүгін Ақтау қаласында жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірілетін өнім түрлерін кеңейтуге арналған «Маңғыстау облысының кәсіпкерлігін дамыту» атты конференция өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараны «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, Маңғыстау облысының әкімдігі, «Самұрық-Қазына» Қоры және «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ бірлесе ұйымдастырды.
Бұл конференция – өңірдің шағын және орта кәсіпкерлері үшін басты оқиғалардың бірі. Оның аясында Маңғыстау облысының әкімдігі, «Атамекен» ҰКП және «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС арасында үшжақты келісім, сондай-ақ оффтейк-келісімшарт жасалды.
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директоры Мұрат Тұрғанбаевтың айтуынша, бұл бағдарлама жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірілетін өнім түрлерін кеңейтуге және жергілікті қамтуды ұлғайтуға ықпал етеді. Осы жұмыстың барысында 2018-2022 жылдары 240 оффтейк-келісімшарт жасалды, көлемі 82 млрд теңгеден асады. Бүгінде таза импорт тауарлары бойынша қажеттілік алдымыздағы 5 жылға шамамен 110 млрд теңгені құрайды және 4,5 мың позицияны қамтиды.
Маңғыстау облысы биыл алғашқы жартыжылдықта өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілерінің саны бойынша оң динамика көрсетіп отыр. Облыс бойынша ШОБ 53 мыңнан 62 мыңға артты. Оның ішінде Жаңаөзен қаласында өткен жылда 7,5 мың ШОБ болса, биыл 9,3 мыңға жетті. Мұндай өсім үкіметтің 2021 жылы пандемия кезінде басталған дағдарысқа қарсы шаралар кешені: экономиканың зардап шеккен секторларын несиелендіру, тексерулерге үш жылдық мораторий енгізуді жалғастыруымен байланысты.
Сондай-ақ, ШОБ және микрокәсіпкерлік субъектілеріне бару, экономиканың зардап шеккен секторларында ШОБ несиелерін беруді кейінге қалдыру, «Жаңаөзен қаласында сатып алуды локализациялау» жобасына одан әрі қатысу үшін Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлік субъектілерін тіркеумен байланысты болып отыр. Мәселен, Маңғыстау облысында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында соңғы 3,5 жылда мың жаңа жұмыс орны құрылып, жалпы сомасы 23 275 млн теңгеге 90 жобаға қолдау көрсетілді. Соның көмегімен 3 мыңдай жұмыс орны сақталды. Оның ішінде Жаңаөзен қаласында 188 жаңа жұмыс орны құрылды.
667 млн теңге сомасына 6 жобаға қолдау көрсетіліп, 65 жұмыс орны сақталды. Бұл осы бағдарлама бойынша қолдау тапқан жобалардың 7%-ын құрайды.
Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы-2025» кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 жыл ішінде 3 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылып, 142,7 млн теңгеге 3 мыңдай жобаға қолдау көрсетілді, 14 мың жұмыс орны сақталды. Жаңаөзен қаласында осы бағдарлама бойынша қолдау тапқан жобалардың жалпы санының 27,3%-ын құрайды.
Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында биыл Маңғыстау облысында 47 жаңа жұмыс орны құрылды. Құны 1 552,3 млн теңгеге 37 жобаға қолдау көрсетілген.
Ал «Нұр Капитал» өңірлік шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы аясында 5 жылда 1,2 мың жаңа жұмыс орнын құру арқылы жалпы сомасы 3,3 млн теңгеге 160 жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде Жаңаөзен қаласында 310 жаңа жұмыс орны құрылып, 1,7 млн теңгеге 47 жобаға қолдау көрсетілді. Бұл «Нұр Капитал» бағдарламасы бойынша қолдау тапқан жобалардың жалпы санының 29,4%-ын құрайды.
Ел үкіметі Маңғыстау облысында жұмыспен қамту мәселесін шешуге, тұрғындарының қаржылық әл-ауқатын жақсартуға, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға ерекше басымдық беріп отыр.
«Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру және жұмыс орындарын құру жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған жол картасы бекітілді. Жол картасын іске асыру нәтижесінде 700-ден астам жұмыссыздың ұзақ мерзімді жұмысқа орналасуы; 11 жаңа өндіріс ашу; агроөнеркәсіп кешенін дамыту; жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілері санының артуы және басқа да шаралар көзделіп отыр, — деді "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма мүшесі — аппарат басшысы Бауыржан Оразғалиев.