30 тамызда қазақстандықтар Конституция күнін атап өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мерекеге орай аптасына бес күндік режимде жұмыс істейтіндер 28, 29, 30 тамызда демалады. 29 тамыздағы жұмыс күні мерекеге байланысты 27 тамызға – сенбіге ауыстырылды. Яғни, бес күндік жұмыстағылар сенбі күні жұмысқа шығады. Ал алты күндіктегілер 28, 30 тамызда демалады. Күнтізбелік демалыс күндері 6, 7, 13, 14, 20, 21 тамызға келеді.