Кәсіпкерлік субъектілерді тексеру 660-тан 860-қа дейін өскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары Ержан Тұрмағамбетов қазіргі таңда 4500 кәсіпкердің субъектісінің құқығы қорғалып, тексерулерден босатылғанын айтты.
- 21 заңсыз әкімшілік хаттама толтырғандар анықталып, оларға қатысты тұлғаларға 20 АЕК айыппұл салынған. Тағы 13 мемлекеттік органға қатысты заңбұзушылық анықталды. Мәселен, «Каспий жылу, су арнасы» мекемесі мемлекеттік сатып алулар бойынша полиэтиленді қысымды құбырлар сатып алу үшін кәсіпкермен келісім жасайды. Мердігер құбырмен толық қамтамасыз етсе де, 156 кәсіпкерлік субъектінің заңды құқықтары бұзылып, 307 млн тг құрайтын қаржылық міндеттемелер орындалмаған. Талдау барысында кәсіпкерлер құқығы қорғалып, облыс әкімі атына ұсыныс хат жолданды. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының орындалысы, кәсіпкерлердің құқығын қорғау одан әрі жалғасады, - деді Ержан Сисенбайұлы.
ҚР БП статистика және арнайы есепке алу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының бастығы Асан Абдуллаевтың айтуынша, облыста кәсіпкерлік субъектілерді тексеру 660-тан 860-қа дейін өскен. Оның себептері қаңтар оқиғасынан кейінгі жағдайлар болды. Тексеру ірі кәсіпорындарға 16,7%, орта кәсіпкерлік 36,2%, ал шағын субъектілер 8,8% өскені байқалады. Тіркелген тексерістердің 1549 аяқталған, 993-і заңбұзушылық анықталды, 556 жағдай нақтыланбаған.