© Instagram: mamochki_aktau_ryadom
Ақтау қаласында пәтердің бірінде шаян шығып, қызды шағып алды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бұл туралы әлеуметтік желіге зардап шегушінің анасы жазды. Оның айтуынша, ол бір жылдан бері аталған пәтерді жалға алған. Алайда үйден шаян шыққанын бірінші рет көріп, алаңдап тұр.
"Үйден осындай шаян шықты. Бұл зиян емес пе? Қызымның қолы ісіп кетті, екі күннен бері температура бар. Бірақ жыламайды", - деді тұрғын.