Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов тағы да қызметінен шеттетілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінен хабарлады.
- 25 мамыр күні Ақтау қаласының мамандандырылған тергеу сотында Ғ. Ниязов қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылуына байланысты бұрын атқарған қызметінен уақытша шеттетілді. 27 мамырда сот бұйрығы заңды күшіне енді. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды, - деп хабарлайды МО Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі.