Экологтардың айтуынша, иістің шығуына кешегі «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ЖЭО-3 аумағындағы өрт себеп болып отыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыстық экология департаментінің басшысы Руслан Төкеновтің айтуынша, тұрғындар шағымданған жағымсыз иіс өрттің салдарынан туындаған. Департаменттің жылжымалы зертханалары кейбір ластаушы заттардың мөлшері шектен асып кеткенін анықтады. Экология департаменті «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-не жоспардан тыс тексеруді бастап, тиісті шаралар қабылдайтынын хабарлады.