Маңғыстау облысының тұрғыны Қанзия Сақауова 105 жасында өмірден озды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Қанзия Сақауова — 1917 жылдың 1 қаңтарында Шетпеде дүниеге келген. Азаматтық соғыс, алғашқы бесжылдықтар кезінде жастайынан еңбекке араласты. Ал Ұлы Отан соғысы жылдары екі баламен жесір қалды. Соған қарамастан балаларын ел қатарлы тәрбиелеп өсірді. Колхозда жұмыс істеді, ауылдық, аудандық Кеңестің депутаты болды.
Кейін, 1966 жылы Шетпе ауылы аудан орталығына айналды, ал аудандағы көптеген совхоздар үздіктер қатарына кірді. Бұл істердің бәрінде де Қанзия шешейдің еткен еңбегі мен төккен тері бар.
"Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін" және "Жеңіске 50, 60, 65, 70 жыл" медалімен марапатталған.
Кейуана 16 немересін, 36 шөбересін көріп кетті.