Азаматтар өз еркімен тапсырған әрбір қару мен оқ-дәріге 100 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы алады, сонымен қатар әкімшілік және қылмыстық жазаға тартылмайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, атыс қарулары және жарылғыш заттармен жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2022 жылдың 25 сәуірінде заңсыз сақталған атыс қарулары мен оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды сатып алу акциясы басталды.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірлігі азаматтардың жарақат алмауын көздей отырып, табылған және анықталған жарылғыш заттарды өздері тасымалдамай, кез-келген полиция бөлімдеріне немесе 102 телефонына хабарлауын сұрайды.