Олардың ішінде балалар да бар, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ҚКО-ға сілтеме беріп.
— Қала аумағында 2 тыйым салынған учаске анықталды: 4-шағынаудандағы "Каспиан Ривьера" қонақ үйінен бастап 5-шағынаудандағы Өскінбаев атындағы облыстық филармонияға дейінгі ұзындығы 300 метр және ені 20 метр болатын учаске; екіншісі — ұзындығы 100 метр, ені 20 метрді құрайтын "Шора" су арнасы. Соңғы 5 жылда Шорада – 9 адам, Тарас Шевченко ескерткіші жақта 7 адам суға кеткен, — дейді Маңғыстау облыстық ТЖД Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Жандос Кенжебаев
Суға кетудің негізгі себептері — тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде шомылу, масаң күйде түсу, сондай-ақ жағалауда балаларды қараусыз қалдыру.
Сонымен қатар, Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы суға шомылу маусымы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық және үгіт жұмыстарын бастағанын, судағы қауіпсіздік ережелері туралы нұсқаулықтар мен жадынамалар таратылғанын атап өтті.