© Талант ҚҰСАЙЫН
Бұл 2020 жылмен салыстырғанда екі есе көп, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Туризмді дамыту үшін әкімдік қабылдап жатқан шаралар туралы қала әкімі Нұрдәулет ҚИЛЫБАЙ халыққа есеп беруінде мәлім етті. Мысалы, 4А шағынауданындағы жағалауды абаттандыру жұмысы кәсіпкерлер қаражаты есебінен басталды. Учаске сенімгерлік басқаруға берілді.
Сонымен қатар, Ақтау халықаралық әуежайында такси қызметін реттеу бойынша меморандумға қол қойылды. Енді такси жүргізушілері бірдей киіммен, бірдей безендірілген көлікпен қызмет көрсетеді.
- Қала тұрғындарына жайлы саябақ жасау мақсатында, ондағы жасыл желекті көбейтіп бірыңғай концепция жасап, кәсіпкерлікті дамыту үшін жер телімін қала меншігінде сақтай отырып, «Ақбота» саябағы конкурс арқылы сенімгерлік басқаруға кәсіпкерге берілді. Қазіргі таңда, ағаш суару жүйесін орнату бойынша келісімшарт жасақталып, сәуірдің аяғында монтаждау жұмыстары басталады, - деді қала әкімі.