Маңғыстау облыстық «Азаматтық Альянс» бірлестігі ұйымдастырған ҮЕҰ арасындағы байқауда тоғызқұмалақ үйрететін мұғалім грант ұтып алды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Ай-шуақ" қоғамдық қоры №3 арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығының балаларына тоғызқұмалақтан алғашқы сабағын өткізіп бастады.
- Бастапқысы жаман емес. Балалардың қызығушылығы өте жоғары. Тоғызқұмалақ ойынын ойнау арқылы балалардың қол моторикасы дамиды. Зейіні тұрақтанып, есте сақтау қабілеті жақсарады, - дейді "Ай-шуақ" қоғамдық қорының жетекшісі.