Ақтау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғындар белгісіз біреудің жиһаз жасау үшін 10 млн теңге көлеміндегі қаражатты иемденіп алғаны туралы хабарласқан.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады.
«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті өз кінәсін мойындап, қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады жергілікті ПД-нің баспасөз қызметі.