Ақтау қаласының әкімдігі депутаттармен бірге теңіз жағалауындағы саудаға мониторинг жүргізіп, заңсыз сауда жасап жатқан кәсіпкерлерге ескерту берді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мониторинг барысырда қалалық кәсіпкерлік бөлімнің басшысы Тілеген Едігеев кәсіпкерлге 14 шағын аудандағы жағалауда сауда жасауға рұқсат жоқ екенін ескертті. Сонымен қатар ескерту құжатын тапсырып, аумақтан заттарын шығаруды тапсырды. Тексеріс барысыеда иесіз ойыншық көліктер мен велосипедтер де болды. Әкімдік өкілдері оны тәркілеу амалдарын қарастырды.
- Тұрғындардан келген арыз-шағымды негізге алып, тексеріс жасап жатырмыз. Мұндай балаларға арналған көліктер мен велосипед сияқты ойын-сауық құралдарын халыққа ұсыну үшін біз былтыр “Ақбота” саябағын белгілеген едік. Дегенмен, қазір бірнеше кәсіпкер 14 шағын аудан жағалауына келіп өз кәсібін дөңгелетіп отырғанын байқап отырмыз. Бірінші рет ескерту беріледі, құқықбұзушылық қайталанса жауапкершілікке тартамыз, - деді Ақтау қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Тілеген Едігеев.
Суреттерді түсірген Талант Құсайын