Бүгін, 5 сәуірде облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Маңғыстау облысының жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының басшысы болып Ғалым Андалиев тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғалым Андалиев “Бейнелеу өнері, сызу және еңбекке баулу пәндерінің мұғалімі", "Құқықтану" мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.
Еңбек жолын 1997 жылы Краснояр орта мектебінің директоры болып бастады.
1999 жылы Ақтау қаласындағы № 8 жалпы орта білім беретін мектебінің еңбекке баулу, сурет пәнінің мұғалімі болды.
2000 жылы Ақтау қаласының әскери комиссариатының 2-бөлім бастығының аға көмекшісі, әскери комиссариатының аудармашы (қазақ тілі)-іс жүргізушісі қызметтерін атқарған. 2002-2016 жылдары аралығында Ақтау қаласында ҚР Қарулы Күштерінде офицерлік лауазымдарда шарт негізінде әскери қызмет атқарды. 2018 жылы Ақтау қалалық білім бөлімінің «Ақтау қаласының білімді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің эстетика және спорттық бағыттағы пәндер әдіскері, 2020 жылы Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Жұмылдыру дайындығы. Аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымын атқарды.
Ғалым Андалиев запастағы подполковник. Ол осы уақытқа дейін мемлекеттік органды құру кезеңіне Маңғыстау облысының жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқарма басшысының міндетін уақытша атқарды.