Редакциямыздың оқырманы өзі куә болған жағдайды видеоға түсіріп, жолдады. Видеодағы оқиға 17 шағын аудандағы "Грин Парк" ТК-на қарама-қарсы аумақта болған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Түн ортасында екі адам шелектерге құнарлы топырақты салып жатыр. Содан кейін, жол талғамайтын көлікке тиеп, алып кетеді. Редакция Ақтау қаласының әкімдігінен бұл топырақтың қандай құндылыққа ие екенін және оны жол жиегіне төгудің не үшін қажет екенін түсіндіруді сұрады.