4 сәуірде күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан күндіз 15-20 м/с жел соғады екпінмен 23-28 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
дауылды жел қаупі төнген жағдайда балкондар мен лоджияларға тексеру жүргізу керек. Барлық жеңіл және көлемді заттарды бекітіңіз немесе бөлмеге өткізіңіз. Жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз. Мүмкіндігінше әйнекті ұрып-соғудан қорғаңыз және терезе рамаларын бекітіңіз. Балаларды ерекше бақылауға алу және оларды қараусыз қалдырмау маңызды. Үйлердің қабырғаларына жақын қатты желден жасырмаңыз, өйткені шатырлардан шифер мен басқа шатыр материалдарының құлауы мүмкін. Ерекше қажеттіліксіз сыртқа шықпаңыз.
Тұманға байланысты жүргізушілерден жылдамдықты төмендетіп, алда келе жатқан көліктен арақашықтық сақтауды сұрайды.