Маңғыстаулық екі жігіт мүгедек балалары бар жалғызбасты анаға үй алып беру үшін Ақтаудан Алматыға жаяу жолға шықты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жалғас пен Жеңіс баспанаға қол жеткізу үшін екі баласы эпилепсиямен ауыратын отбасындағы баланың добын бағалы заттарға алмастырмақ. Мәселен, қазірдің өзінде Атырау облысының тұрғыны соңғы үлгідегі «Apple» смартфонын берем депті. Содан кейін жігіттер смартфонды одан да бағалы затқа алмастырып, пәтер алатын жағдайға жеткенше осылайша жалғастыра бермек.
Сгенерировать код вставки
Волонтерлар бұған дейін бұл отбасыға баспана алу үшін бір жарым миллион теңгедей қаражат жинаған. Ақшаны жинау тоқтап қалғаннан кейін, жаяу сапарға шығу идеясы келіпті. Жігіттер жолға ешқандай қаражатсыз шығып бара жатыр, өздерімен бірге тек қана төсек пен киім ғана алыпты. Ораза тұтуға ниеттенген олар жолда ас-судың қажеті болмайды деп отыр. Ораза айы аяқталғанша Ақтауға қайта оралуды мақсат етіп отырмыз дейді олар.
- Бұл доп кішкентай баланың бізге берген аманаты. “Ең бағалы ойыншығым осы, доп маған керек емес, орнына баспана керек” деп айтты. Сол баланың кішкентай болса да арманын қасиетті Рамазан айында орындау үшін осы допты үйге алмастырып беретін ниетіміз бар, - дейді волонтер Жеңіс Қанатбаев.
Махаббат Нұржанқызы