ҚР Президентінің “Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша, ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен "Халық қатысатын бюджет" жобасы "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында енгізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жобаның мақсаты-қала тұрғындарын бюджеттік процеске қатысуға тарту арқылы қалалық бюджетті қалыптастырудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз ету.
"Халық қатысатын бюджет" жобасының барлық материалымен Ақтау қаласы әкімдігінің сайтында танысуға болады.
"Осыған байланысты, Сізден 2022 жылдың 26 наурызынан 24 сәуіріне дейінгі мерзімде ресми интернет-ресурста ұсынылған "Халықтық қатысатын бюджет" жобалық ұсыныстары бойынша электрондық түрде дауыс беруге белсенді қатысуыңызға шақырамыз. Барлық сұрақтар бойынша 30-34-95, 87026175326 телефонына хабарласуға болады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.