© фото Alau.kz
Бұл туралы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облысы бойынша филиалы мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-қимыл жүргізу барысында мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген мониторинг негізінде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 13-бабының талаптарының бұзылу дерегі анықталған.
Ақтау қалалық білім бөлімінің «IT лицей мектебі» мемлекеттік мекемесінің директоры қосымша жеке кәсіпкерлікпен де айналысқан. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті директорға қатысты ӘҚБТК-нің 154-бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданған.
Сот қаулысы негізінде, мектеп дииректоры кінәлі деп танылып, 428 820 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.