© фото tengrinews.kz
Аймақ полициясының басшысы Аян Дүйсембаев 29 наурызда өтетін есептік кездесуінде өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап береді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының тұрғындармен есептік кездесуі 29 наурыз күні сағат 17.00-де 34 шағын аудандағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында өтеді.
Халықпен кездесу барысында Департамент басшысы қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау және өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етпек. Азаматтардың барлық шағымы мен арызы бақылауға алынады. Кездесу қорытындысы бойынша тұрғындардан келіп түскен ұсыныстарды, сондай-ақ соған қатысты қабылданған және қабылданатын полиция қызметін жетілдіруге бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық шараларды қорыту және талдау жүргізіледі.