Құрметті маңғыстаулықтар,
ардақты ағайын!
Жер-дүниені нұрлы шуағына бөлеп, шапағын шашқан Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесі құтты болсын!
Наурыз – жаңғыру мен жаңарудың, еңсесі биік елдіктің, татулық пен бірліктің, ырыс пен молшылықтың белгісі.
Біздің ұлттық құндылықтарымыз, рухани мұраларымыз Наурызбен біте қайнасқан. Ақ пейіл жұртымыз қашанда Ұлыстың Ұлы күнін ақ дастархан жайып, ақ тілекпен қарсы алған. Елдің тыныштығын, халықтың ынтымағын тілеген.
Бабаларымыз «Ынтымақ болмай іс оңбас» дегендей, елдің ынтымағы мен жердің берекесі бәрінен қымбат деп санаған. Даласындай дархан халқымыз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты сақтаудың жарқын үлгісі ретінде танымал.
Қазақ елінің өсіп-өніп, әлемге танымалы болғаны ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған қастерлі тәуелсіздіктің арқасы және ұлты мен дініне қарамастан Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың ынтымақтығы мен айнымас ауызбіршілігіміздің арқасы.
Халқымыз қашанда жаңа жылдан жақсылық күтіп, келер күнге үміт артқан. Бүгінін болашағымен байланыстырып, бар ізгіліктің бастауын игі ниеттен іздеген.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауында «Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау мүмкін емес. Бұл – анық нәрсе. Біз екі жарым жылдың ішінде осы бағытта нақты нәтижеге қол жеткіздік»,- деп атап өтті.
Президентіміздің тың бастамаларымен елімізді түбегейлі жаңғыртуға, трансформациялауға көштік. Түрлі салада ауқымды өзгерістер басталды.
Соның бір парағы Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді даму жоспары қабылданды. Маңғыстау облысы – даму әлеуеті жоғары өңір. Кешенді жоспарды іске асыру – облыстың дамуына жаңа серпін береді.
Аталған кезеңде мұнай-газ секторын, өңдеу өнеркәсібін, туризмді, көлік пен логистиканы және тағы да басқа салаларды дамыту негізгі міндетке айналады.
Қадірлі жерлестер!
Халқымыздың мeрeйін өcіріп, терең тамырлы бірегей бoлмыcымызды aйшықтaйтын қacиeтті Нaурыз мeрeкecі eлімізгe, әрбір oтбacынa шат-шадыман қуaныш, ырыс пен құт-бeрeкe, баянды бaқыт пeн мoлшылық әкeлcін!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Наурыз құтты болсын, ағайын!
Ізгі тілекпен, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.