Ұлттық спорттан жарыс 15 шағынаудандағы теңіз жағалауында өтті.
Шараның мақсаты – ұлттық спортты жастар арасында дамыту, жастарды отансүйгіштікке, патриоттық рухқа тәрбиелеп, ынталандыру.
Жарысқа «Болашақ», Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі және Маңғыстау гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты.
Асық атудан 1-орынды №3 орта мектептің оқушылары Батыр Жолдасов пен Мирас Байрамов алды, ал 2-орын Жасұлан Сисенбай мен Әсет Меделбайға бұйырды. Ал жүлделі 3-орынды Диас Байрамбай мен Қаныш Дәулетбайдың қанжығаға байлады.
Гір көтеру бойынша сынға түскен жастардың арасында Мәлік Ахметов топ жарды. 2-орынды Дархан Бүркітбай алса, 3-орынды Мейрамбек Аманқосов еншіледі.
Ал арқан тартудан жүлделі 1-орынды ДТБ – 20-2 оқу тобы алды. 2-орын «Болашақ» колледжінің студенттеріне бұйырды, 3 – орынды ДТА – 20-3 оқу тобының студенттері алды.
Тартысқа толы бәсекеде жеңіс тұғырынан көрінген жастар алғыс хатпен, медаль, арнайы кубокпен марапатталды.