Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы дін істері басқармасының басшысы Мақсатбек Маханбетов айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оның мәліметінше, қазір өңірде 8 мешіттің құрылысы жүріп жатыр. Ақтау қаласында 1000 адамдық, Мұнайлы ауданы Дәулет ауылында 500, Батыр ауылында 500, Маңғыстау ауданы Жармыш ауылында 100, Бейнеу ауданы Сыңғырлау ауылында 200, Жаңаөзен қаласы Теңге ауылында 500, Түпқараған ауданы Баутин ауылында 100 адамға арналған мешіт салынып жатыр.
- 4 мешіттің құрылысы аяқталған. Оның ішінде, Мұнайлы ауданы Қызылтөбе-2 ауылында 600 адамдық, Маңғыстау ауданы Онды ауылында 100, Бейнеу ауданының Сам ауылында 80 және Тұрыш ауылында 100 адамға арналған мешіттің құрылысы бітті - , деді Мақсатбек Маханбетов.
Спикердің айтуынша, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490 бабына сәйкес, ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу бойынша өңірде 10 айда 24 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.
- Биыл Маңғыстауда 10 айдың ішінде 24 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Атап айтсақ, 5 азамат рұқсатсыз діни әдебиет таратқаны үшін, 6 азамат діни рәсімдерді өткізу талаптарын бұзғаны үшін, 1 азамат мешіттің қызмет жасауына кедергі келтіргені үшін және 12 адам әлеуметтік желіде теріс діни материалдарды жариялағаны үшін жауапкершілікке тартылды - , деді Мақсатбек Маханбетов.
Айта кетейік, 10 айда оңалту жұмыстары 771 адамға жүргізілген. Оның ішінде 161 деструктивті діни ағым жақтаушысы дәстүрлі ислам нормаларына оңалса, 90 деструктивті діни ағым жақтаушысы қазақстандық қоғамның құндылықтарына бейімделген