«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиал жанындағы Ұлт денсаулығы жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жиынға «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы Ұлт денсаулығы жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Аббат Өрісбаев төрағалық етті. Кеңес отырысына «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы Ұлт денсаулығы жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшелері, Денсаулық сақтау басқармасының, онкологиялық диспансердің, Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшылары қатысты.
Жиында карантиндік шараларды сақтау жағдайында медициналық персонал үшін медициналық мақсаттағы бұйымдармен (қорғаныш костюмдері, қалқандар мен маскалар, аяқ киім, дезинфекциялау құралдары) қамтамасыз ету, Оттегі концентраторлары 50 дана алуынуын қамтамасыз ету, Халыққа иммунопрофилактика жүргізу үшін вакциналарды және басқа да медициналық иммунобиологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алуды ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Аталмыш мәселелер бойынша Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А. Жұмыров тыңдалды.
Отырыс соңында бірқатар ұсыныстар айтылды. Мәселен, «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы Ұлт денсаулығы жөніндегі аймақтық кеңеске: «2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Маңғыстау облыстық сайлауалды бағдарламасындағы «Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру» бағыты бойынша жұмыстарды қадағалау мақсатында кеңес мүшелерінің мониторинг жұмыстары жүргізу, сайлауалды бағдарламасындағы көрсеткіштердің жыл соңына дейін аяқталуын мониторингтік топ бақылауға алып, жұмыстар уақытылы орындалмаған жағдайда, тиісті органдарға хаттар жолдау тапсырылды.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасына карантиндік шаралар сақталған жағдайда медицина қызметкерлерін жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету, тұрғындар арасында вакцинациялаудың маңыздылығы мен тиімділігі туралы ақпараттарды кеңінен жүргізу және Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші және 2-ші компонентін салдырғандар жөніндегі ақпаратты жолдау тапсырылды.