Маңғыстау облысында республикалық маңыздағы автомобиль жолдарына ақылы жүйе енгізу жоспарланбаған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы ресми мәлімдеме жасады.
2021 жылы Маңғыстау облысының республикалық маңыздағы автомобиль жолдарына ақылы жүйе енгізу жоспарланбағандығын қаперіңізге береді. Қазіргі таңда Маңғыстау облысының аумағындағы автомобиль жолдары бойынша жүру үшін ешқандай ақы алынбайтыны және ақы төлемегені үшін айыппұл салынбайтыны хабарлайды, делінген хабарламада.