Маңғыстау облысы бойынша кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында жер учаскелерін сауда-саттық арқылы табыстау тұрақты түрде жүргізіліп келеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
ҚР Жер кодексінің талаптарына сәйкес ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер конкурстар арқылы, кәсіпкерлік мақсатындағы жер учаскелері аукциондар арқылы табысталып беріледі. Қазіргі таңда аукциондар толықтай www.gosreestr.kz сайтында «Электронды сауда алаңында» өткізіледі.
"Маңғыстау облысы бойынша жыл басынан кәсіпкерлік мақсатында 140 жер учаскесі аукциондарда берілді. Берілген жерлердің жалпы көлемі - 64,9 гектарды құрайды. Конкурстар арқылы ауылшаруашылығына 274 жер учаскесі табысталды. Табысталған жерлердің жалпы көлемі - 136 868 гектар. Аталған жұмыстар жоспарға сәйкес жалғасын табады", деді МО жер қатынастары басқармасының басшысының орынбасары Сәбит Сейдалиев.