24 қыркүйекте өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс жетінші сессиясы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сессия барысында депутаттар қысқы мал азығы қорын қалыптастыруға қосымша қаражат бөлуді мақұлдады. Атап айтқанда, қосымша 3,2 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаражатқа 26 200 тонна жем мен 4 000 тонна шөп сатып алу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, депутаттар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қорын толықтыруға, тұтынуға берілген ауыз су құнын субсидиялауға, Ақтау қалаішілік маршрутының 6 бағыты бойынша автопарктың жаңартылуын субсидиялауға және т.б. бірқатар әлеуметтік маңыздағы мәселелерді қаржыландыруға келісім берді.
Жиынға қатысқан Нұрлан Ноғаев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы барлық мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмыс істеу нәтижесінде іске асатынын айтты.