Әлеуметтік желілерде белгісіз әйелдің аудиожазбасы тарады. Онда, тұрғындарды "AllianceEnergoSnab-Ақтау" ЖШС электр энергиясына төлемді тоқтата тұруға шақырды. Әйелдің айтуынша, ол «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де жұмыс істейді.
Тұтынылған электр энергиясы мен төлемге қатысты "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС хабарлайды:
"2021 жылы тамызда "AllianceEnergoSnab-Ақтау" ЖШС "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен электр энергиясын алып, оны Ақтау қаласының аумағында пайдаланған. Қыркүйек және тамыз айын қоса алғанда қала тұрғындары мен заңды тұлғалар тұтынған электр энергиясы үшін төлемді "AllianceEnergoSnab-Ақтау" ЖШС-нің есепшотына аударылуы қажет»,-деді "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС баспасөз қызметі.
Айта кетейік, "AllianceEnergoSnab-Ақтау" ЖШС-нің шоты сот шешімімен "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС төленбеген борыштары үшін жұмыстарын тоқтатады. Тиісінше, тұтынушылардың қаражаты электр энергиясын өндіруші "МАЭК – Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-нің шотына түседі.
Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ресми дерегі бойынша, 1 қыркүйектен бастап "Маңғыстау Жарық" ЖШС Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының тұтынушыларын электр энергиясымен қамтамасыз етеді.
"1 қыркүйектен бастап "Маңғыстау Жарық" ЖШС-не Ақтау және Мұнайлы тұрғындарын электрмен қамтамасыз ету мүмкіндігі беріледі. "Маңғыстау Жарық" ЖШС әр айдың 10 мен 15 аралығында шот түбіртегін тұрғындарға жеткізеді. Төлем қолма-қол, " Қазпошта", екінші деңгейлі банк кассалары, мобильді қосымшалар мен терминалдар арқылы қабылданады. Мекенжайлар шот-түбіртегінде анық көрсетіледі. Ал есептеуіштерді пломбалаумен "Ақтау қалалық электр және байланыс» МКК айналысады. Тұрмыстық сектордағы электр энергиясын тұтынушылар үшін қоғамдық келісімшарт БАҚ-та жарияланды", - деді Маңғыстау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының баспасөз қызметі.