Білім министрлігі еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің бірінші басшыларының, сондай-ақ олардың орынбасарларының ұялы телефон нөмірлерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстандықтар аумақтық департаменттердің басшыларына білім беру саласындағы қандай да бір проблемалар туралы тікелей хабарлай алады. Мәселен, бұл мектепте ақша жинау, мұғалімдерді өзіне тән емес жұмысқа тарту, педагогикалық этиканы бұзу, білім беру ұйымдарында қауіпсіздік жүйелері элементтерінің болмауы немесе жұмыс істемеуіне (бейнебақылау камералары, дабыл батырмалары) қатысты және т.б. мәселелер болуы мүмкін», делінген министрлік хабарламасында.
Бұған дейін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті азаматтардың өтініштері үшін жедел желі телефондарын жариялаған болатын. Өткен демалыс күндері Комитетке 300-ге жуық қоңырау шалынып, хабарламалар түскен. Ұсынылған ақпаратқа сүйене отырып, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің қызметкерлері қажетті жұмыстар жүргізіп жатыр.
Маңғыстау облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Есболат Өмірзақ Кенғанұлы
Руководитель Департамента по обеспечению качества в сфере образования Мангистауской области Есболат Омирзак Кенганович
Call-центр: 8 (7292) 40-01-30
Сотовый номер: 8702 468 46 45
Facebook – Есболат Өмірзақ
https://m.facebook.com/profile.php?id=100032465723485
Instagram - Есболат Өмірзақ
https://www.instagram.com/omirzakesbolat/
Орынбасары/ заместитель:
Жұмалиев Тәттімбет Қайырбекұлы 8775 551 55 50