Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің қатысуымен заңнамалық өзгерістер мен комплаенс қызметінің маңыздылығы айтылған семинар кеңес ұйымдастырылды.
Семинар жұмысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама шеңберінде ақпараттар берілді.
Жиын барысында Департаменттің басқарма басшысы Қайрат Байгебаев қылмыстық-құқықтық статистика мен қоғамдық бақылау институтын енгізу, құқық қорғау және мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, тәуекелдерін талдау, оған қарсы мониторинг жүргізу бағыттарындағы негізгі жұмыстарды атап өтті.
Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, мүдделер қақтығысын реттеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау сияқты нормалардың сақталуын қадағалайтын комплаенс қызметі жіті түсіндірілді.
Сондай-ақ, Қайрат Байгебаев сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмысындағы негізгі заңнамалық өзгерістерге тоқталып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ел азаматтарының міндеті екенін атап өтті.