Ақшұқыр ауылының 18 жастағы тумасы Аманбол Қанатұлы Барселонадағы Harbour. Space University-ге оқуға грант жеңіп алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ол екінші сыныпта оқып жүргенде математика пәнінен ауыл Олимпиадасында жеңіске жеткен. Ал алтыншы сыныпты бітірген кезде оқушы елордалық "Нұрорда"мектеп-лицейінде оқу грантын жеңіп алып, мектепті сол жерден бітірген. Аманбол 30 шақты республикалық және халықаралық олимпиадалардың қатысушысы және жүлдегері болған, бірнеше бағдарламалау тілдерін меңгерген. Аманбол биыл сәуір айында онлайн режимде өткен информатика пәні бойынша Олимпиадада жеңіске жеткен соң, оған әлемның бірқатар жоғары оқу орындары оқуға шақырту жіберген.
Ол қазіргі уақытта алдын ала курстардан өтіп жатыр. Оқу жылы 27 қыркүйекте басталады.
Сонымен қатар, Аманбол Google, Microsoft және Amazon компанияларының кеңселерін аралап қайтқан.