Соңғы тәулікте Маңғыстау облысында коронавирус сырқатынан 224 адам емделіп шықты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
26 тамыздан бастап бүгінгі күнге дейін 1826 маңғыстаулық сырқатынан жазылып шықты.
Қазіргі уақытта стационарларда 605 науқас емделіп жатыр. Өткен тәулікте 239 адамнан коронавирус анықталды. Өкінішке қарай, 14 адам қайтыс болды.