Биыл Маңғыстау облысында құрғақшылыққа байланысты мал азығы тапшылығы туындады. Осыған орай «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК ұжымы да облыс фермерлеріне көмек көрсету туралы шешім қабылдады, mangystaumedia.kz.
Айта кету керек, бұған дейін Ұлттық теңіз тасымалдаушысы қызметкерлері қиын жағдайға тап болған азаматтарға бірнеше рет көмек көрсеткен.
Бұл жолы компания Маңғыстау облысының ауылдарына мал азығын сатып алу мен жеткізу үшін ерікті қаражат жинау туралы мейірімділік акциясын ұйымдастырды. Сонымен, акция аясында ҚТКФ қызметкерлері аймақтағы фермерлерге көмектесу үшін 3 миллион теңгеге жуық қаражат жинады.
ҚТКФ ұйымшыл ұжымының үйлесімді жұмысының арқасында Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлерімен келісімге қолжеткізілді.
БҚО Бәйтерек ауданының «AVANGARD» ЖШС аграрлық компаниясының қолдауымен Маңғыстау облысының Шетпе ауылына төрт автопоезд қажетті пішен жеткізіліп, одан әрі фермерлерге таратылуы үшін аудан әкімдігіне табысталды.